Батык

RSS
Батық ауылы аудан орталығын Ақсу-Аюлының солтүстік –батысында 120 шақырым, Қарағанды қаласының оңтүстігінде 150 шақырым жерде орналасқан. Жерінің жалпы ауданы 98 мың га. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдарымен байланысқан. Ең жақын Жарық теміржол станциясы 50 шақырым жерде.
Іргесі 1958 жылы «Просторный» совхозының бөлімшесі, 1978 жылы Просторненский асыл тұқымды мал зауытының негізінде қаланған. 1960-1990 жылдар аралығында Батық асыл тұқымды мал зауыты және ауылдық кеңестің орталығы болды. Халқының саны -870 адам. Шаруашылығының негізгі бағыты – қазақтың ақбас тұқымды ірі қарасын өсіру. Мұнда орта мектеп, ФАП, пошта бар. Кеңшар негізінде 34 шаруа қожалығы құрылған.
Батық ауылының табиғаты адам шаруашылық әрекетінен түбегейлі өзгерген. Сарыарқаның сары даласында қазіргі кезде елді мекендер, жолдар, тоған, қолдан егілген ағаштар, жасанды бақ, шабандық, бау-бақшалар соның дәлелі.
Батық ата өз заманында атақты (старшын) адам болған. Руы - Керней-Балта. Батық ауылының атауы ХVIII ғасырда өмір сүрген осы Батық есімді старшынға байланысты қойылған екен. Ауылдың солтүстігінде Үшқойтас деп аталатын төбешікте Батық атаның бейіті бар. Ескі қараусыз қалған бейітке 1991 жылы Батық атаның ұрпақтары ескерткіш қойып, айналасын темірмен қоршапты. Әруақты жанның киесі де бар. Батық ауылынан өткенде жолаушылар әруаққа тағзым етіп жатады.
Тип населенный пункт
Координаты 48°53'60'' с. ш. 72°28'00'' в. д.
Высота над уровнем моря 588 метров
Часовой пояс UTC+6
Солнце (сегодня) Восход - 08:27, Заход - 17:25
Поблизости Акой, Аксу, Алихан, Аптека, Бурма, Еркиндык, Жыланды, Мухтар, С.Сейфуллин, Успенское

Карта

Фотографии

Добавить фото
Фото 1 - 1 из 1

Комментарии

Акмолдина У.Н. 15 января 2014 г. 

Арқаның төрінде беделді Батық атаның есімімен аталатын киелі мекен бар. Батық ата өз заманында атақты (старшын) адам болған. Руы - Керней-Балта. Батық ауылының атауы ХVIII ғасырда өмір сүрген осы Батық есімді старшынға байланысты қойылған екен. Ауылдың солтүстігінде Үшқойтас деп аталатын төбешікте Батық атаның бейіті бар. Ескі қараусыз қалған бейітке 1991 жылы Батық атаның ұрпақтары ескерткіш қойып, айналасын темірмен қоршапты. Әруақты жанның киесі де бар. Батық ауылынан өткенде жолаушылар әруаққа тағзым етіп жатады.
Батық ауылы аудан орталығын Ақсу-Аюлының солтүстік –батысында 120 шақырым, Қарағанды қаласының оңтүстігінде 150 шақырым жерде орналасқан. Жерінің жалпы ауданы 98 мың га. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдарымен байланысқан. Ең жақын Жарық теміржол станциясы 50 шақырым жерде.
Іргесі 1958 жылы «Просторный» совхозының бөлімшесі, 1978 жылы Просторненский асыл тұқымды мал зауытының негізінде қаланған. 1960-1990 жылдар аралығында Батық асыл тұқымды мал зауыты және ауылдық кеңестің орталығы болды. Халқының саны -870 адам. Шаруашылығының негізгі бағыты – қазақтың ақбас тұқымды ірі қарасын өсіру. Мұнда орта мектеп, ФАП, пошта бар. Кеңшар негізінде 34 шаруа қожалығы құрылған.
Батық ауылының табиғаты адам шаруашылық әрекетінен түбегейлі өзгерген. Сарыарқаның сары даласында қазіргі кезде елді мекендер, жолдар, тоған, қолдан егілген ағаштар, жасанды бақ, шабандық, бау-бақшалар соның дәлелі.Ауылдың шығысында Бестөбе шоқылары көрініп тұр. Бір- бірімен жалғасып жатқан бес төбе биіктігі 500 метр. Тауда үңгір бар. Ауылдың солтүстігінде Үшқойтас деп аталатын жер бар.
Ауылдың солтүстігінде тоған бар. Бұл тоғанның салынуында КарЛаг тұтқындарының үлесі бар. Тоғанның жалпы ауданы 464 га, орташа тереңдігі 2,05 метр, ең терең жері 5,9 метр. Суының көлемі 3,48 млн текше метр. Тоғанның суын біркелкі сақтау үшін маңайына теректер отырғызылған.

Чтобы оставить комментарий, войдите на сайт