Карсак

RSS
Тип населенный пункт
Координаты 52°57'00'' с. ш. 68°49'00'' в. д.
Высота над уровнем моря 323 метра
Часовой пояс UTC+6
Солнце (сегодня) Восход - 08:57, Заход - 17:23
Поблизости Альжан, Байтерек, Ермаковка, Карлыколь, Кеноткель, Красный Кордон, Кумдыколь, Ондирис, Троицкое, Ульгили

Карта

Фотографии

Добавить фото
Фотографий пока нет

Комментарии

Бек Дана 7 июня 2014 г. 

Сондықтан ет пен сүйектен жаратылған жаратылыстың барлық иелері өз ауылын сүйетіні сөзсіз. Дүниедегі ең құдіретті ана болса, ауыл да барлық халықтың анасы, тіршіліктің нәрі.
Жыланды тауының бауырында, сұлу табиғат ортасында орналасқан шағын Қарсақ деген ауыл бар. Бұл ауыл кішкентай болса да, бір ғасырлық тарихы бар. 2008 жылы ауылдың жүз жылдық тойы тойланды.
Ең алғашқы Қарсақтың аты Амангелді атанған екен.
Бұл ауылда Ноғай Қарауылдың ұрпақтары жасайды. Ноғайдан алтау туады: Аман, Амангелді, Жексенгелді, Жиенбек. Соның Амангелді деген жігіті мықты батыр болған. Ертеде қазақ жұртында ойын-той жиі-жиі болып тұрған ғой, сондай тойлардың бірінде үлкен күрес болып, сонда жамбасы жерге тимеген қарсақ терісінен тігілген ішігі бар біздің атамыз үлкенді-кішісіне қарамай шетінен жыға беріпті, кейін кім жықты, кім жықты?- деп көпшіліктен сұраған кезде, көрген жұрт анау қарсақ киген, қарсақ ішік, тымағы бар жігіт жықты деп айтуына қарай, содан сол Амангелдінің лақап атымен ауылымыз «Қарсақ» аталып кетіпті.
Жыланды тауының бауырында орналасқан Қылшақты өзені ауылдың жанынан өтеді. Бұл өзеннің суы мол, өте терең болатын. Ерте заманда біздің аталарымыз әр ағаштың түбінде, әр таудың бауырында, бұлақтың басында тұра берген ғой. Байсал, Темір, Барқын, Қойшыбай тағы басқа аталарымыздың басын қосып Қарсақ ауылына қондырған біздің Жүзжан деген атамыз екен.
Біздің ауылдан шыққан елімізге белгілі қайраткерлер де аз емес.Сонау 1930 жылдары Райкен Хамзин аудандық комсомол комитетінің хатшысы, Тілеуқабыл Бектасов, Әшім Әбілов әскери комиссариат бастығы болып істеген көрінеді. Отызыншы жылдары Баймұқан Әбдірахманов деген азаматымыз біздің елден бірінші милиционер болған деседі осы күнгі жұрт. Қарсақтың тұңғыш басқармасы болып Жүзжан Жантеміров істесе, бұл кісінің інісі Игібай атамыз Зеренді МТС-інде замполит лауазымында қызмет етіпті.
Ел басына күн туған қиямет шақ – Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміз Қожан Мұқанов, Қасқырбай Мақышев, Көкше Тоқуов, Қайрош Жұмабаев, Қаратай Нұртаев, Қарабек Ақышев, Бәйбек Бекішев, Икан Төлешев, Қайролла Хамзин жеңіске өз үлестерін қосып, кеуделеріне орден, медальдарды жарқыратып таққан болатын.
Тың игеру кезінде еңбекті адал істеген азаматтар да әлі есімізде. Олар – Бәйбек Қайролла, Әнуар аталарымыз және Орал, Қажыбай, Қазыбек, Кәрім, Балташ, Бек, Нүрмәди, Көкеш, Қайдар, Төлеген т.б.
Бертінірек елден шыққан белгілі азаматтарымыз аз емес. Қуандық Лекеров Мәжіліс депутаты болды. Ал профессор, академик, белгілі дәрігер Орман Жүзжанов бүгінде Астанада медакадемияда қызмет істейді. Қазақстанға еңбегі сіңген әнші Любовь Әділова осы күні Алматыда тұрады.
Бірінші жоғары білім алған апайларымыз да баршылық. Олар : Ботагоз Ағыбаева Қарағандының мединститутын бітіріп біраз жылдар дәрігер болып қызмет істеді. Гүлбаршын Жанпейісова Көкшетау пединститутын тамамдап білім саласында еңбек етті.
Қарсақ ауылының мектебінде алғаш қызмет еткен ұлағатты ұстаздар Хакім Жұмабаев пен Мәлике Жұмабаевалар. Бүгінгі күні Қарсақ бастауыш мектебі Ұлы Отан соғысының ардагері, ағарту орнының үздігі Хакім Жұмабаевтың атымен аталуда.
Отанына аянбай еңбек етіп, еңбектері еленген орден иегерлері: «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», «Тың жерлерді игергені үшін-50 жыл» медалінің иегері – Қажыбай Ағыбаев, Құрман Ғабдуллин, Кәрімжан Жанғожин, Төлеген Қаратаев. «Батыр ана» медалінің иегерлері Мария Байкенова, Шәрипа Ағыбаева, Күләй Құрсарина, Зура Мусина, Жібек Тоқуова.
Осындай апа, ағаларынан үлгі алған Қарсақ жастары бүгінгі күні аянбай еңбек етуде. Бір ғасырлық тарихы бар Қарсақ ауылының тіршілігі бүгінгі күні әрі қарай жалғасуда. Қазіргі күні қырық шақты түтіні бар ел өз тіршілігін еңбектің арқасында көріп отыр. Ауыл жастары әр түрлі мамандық бойынша жоғары білім алып, әр салада еңбек етуде.

Чтобы оставить комментарий, войдите на сайт