Абай

RSS
Железин ауданы 1938 жылы құрылды. Әкімшілік орталық – Железинка а., облыс орталығына дейін (Павлодар қ.) 188 километр.Железинка ауданындағы Абай ауылы-жергілікті қазақтардың мекен еткен ертеден бергі ауылының бірі. Оның көп жылдық өмір жолы мен өмір талқысынан өткен қыр-сырлары бар.
Бүгінде Қазақстан мемлекеттік егемендік алып, өзінің салтымен ғұрпын тілі мен мәдениетін жаңадан құрып, жаңғыртып жатқанда қазақ елінің әр қилы сындар мен өткелдерден өткен ауылында ащы мен тұщы өмірлерін көзге елестету керек-ақ.
Октябрь революциясынан кейін 20-шы жылдардың басында азамат соғысының салдарынан Сарыарқадағы қазақ елінің сарапқа, қиыншылықтар мен қыспаққа түскені айдан анық. Осы азамат соғысының зардабынан қазіргі Железинка ауданының қазақтары да басынан өткерген.
Олай деп айтуға тарихи шындық дәлелдемелер айғақ. Осы өңірдегі қалың өскен ағаштардың ішінде «Солдат ағаш», «Атаман» деп атақ тағылған шоғырланған қайың ағаштар бар.
Ал, оның шыңдық мәнісі мынада екен. Яғни, 20-шы жылдардың бас кезінде қызыл әскерлердің соққысынан Омбыға қарай шегініп бара жатқан жолында атаман Анненковтың әскерлері осы маңайда кідіріс жасаған деседі. Бүгінде Абай ауылы сол тік, әрі биік өскен «Солдат ағаш» атанған қалың ағаштың қойнауында тұр. Бұл табиғаты бай, қалың шоғырланып өскен ағашты паналай Анненковтың әскерлері бірнеше күн аялдаған өрінеді. Ал осы аты шулы ағаштан біріер қилометр жерде «Атаман» деп аталған да ағаш бар. Мұнда Анненков өзінің әсери сыбайлс-көмекшілерімен орналасып, жата-жастаныпты. Сөйтіп, атаманның ақ әскерлері кеткеннен кейін оған жергілікті тұрғындар жоғарыда аталғанындай тақ таққан. Міне , «Солдат ағаш», «Атаман» атаған қалың ағаштардың сыр-жайы осындай.
Тип населенный пункт
Координаты 53°43'00'' с. ш. 75°28'00'' в. д.
Высота над уровнем моря 111 метров
Часовой пояс UTC+6
Солнце (сегодня) Восход - 05:32, Заход - 20:19
Поблизости Аккайын, Безводное, Груздевка, Захаровка, Крупское, Кузьмино, Лесное, Обозное, Октябрьское, Степное

Карта

Фотографии

Добавить фото
Фотографий пока нет

Комментарии

Комментариев пока нет.
Чтобы оставить комментарий, войдите на сайт