Бесагаш

RSS
Бесағаш ауылы - Жамбыл облысының оңтүстігінде орналасқан таулы-сулы елдімекен. Климаты: жазы жылы, қысы салқын, ауасы ылғалды; топырағы қара құнарлы. Тарих беттеріне қарасақ, ауылдың бұрынғы орны қазіргісінен оңтүстік-шығыста орналасқан. Тараз қаласының өркендеп дамуына және оның ірі сауда, өнер және мәдениет орталығына айналуына байланысты ертедегі ауыл тұрғындары қалаға қарай орын ауыстырған. Өз тарихында Бесағаш ауылының бірнеше атауы болған: Ынтымақ және т.б. Ауылдың қалыптасуында татар ұлтының алатын орны ерекше және соған да байланысты болар, халық арасында осы ауыл-аймақты "татарлар ауылы" деп те атайды. Ауыл ежелден білімді, дарынды, араб, татар, орыс тілдерін жетік игерген және ислам дінінің қағидаларын жетік меңгерген молдалармен танылған. Осыған байланысты Жамбыл аймағында бұл елдімекен "дінге берік ауыл" ретінде белгілі. Ауылдың қазіргі орны Тараз қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 шақырымдай жерде орналасқан. Халық саны 3 000-нан асады. Бесағаш ауылы оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен, солтүстігінде Жалпақтөбе (Дунгановка), Қаламаңы (Пригородное) ауылдарымен, батысында және солтүстік-батысында Түрксіб (Шестой совхоз) ауылымен, шығысында Гродеково ауылымен шектеседі. Бүгінде Бесағаш ауылы - Жамбыл облысы, Жамбыл ауданына кіреді, Бесағаш селолық округінің орталығы. КСРО кезінде ауылда агрономия саласындағы ірі ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс жасады, ол өсімдіктердің жаңа тұқымын алумен айналысқан, қазірде ол орталық Жамбыл облыстық зерттеу орталығы ретінде қайта құрылды. Ауылда Абай атындағы орта мектеп (ескі атауы - Октябрьдің 30 жылдығы атындағы орта мектебі), кітапхана, пошта, мешіт, дәрігерлік амбулатория, мәдени клуб жұмыс жасайды. Ауылда спорт түрлері жақсы дамыған. Ауыл спортышлары қазақ күресінен, воллейболдан, футболдан, тоғызқұмалақ, қол добынан ауыз толтырып айтарлық жетістіктерге жеткен. Өнер саласынан осы елдімекенде қолөнері кең етек жайған. Ауылдың бес саусағынан өнер тамған шеберлері қазақ халқының оюлары мен өрнектерін қолданып, сан түрлі қазақи киім-кешектер, төсек жабдықтарын, әйелдерге арналған әшекей бұйымдарды, үй жабдықтары мен тұрмыста қолданылатын құралдарды жасаған және осы өнерді атадан балаға мұра етіп қалдырып келеді. Ауылда білім саласы да дамыған. Абай атындағы орта мектебінің түлектері олимпиадаларда, ғылыми сайыстарда және қазіргі білім беру саласында қолданылатын ҰБТ-де үздік жетістерге жеткен. Осы оқу ордасын тәмамдаған түлектер үздік білім беру ордаларында жоғарға білім алып жатыр. Ауыл толығымен электрлендірілген және телефон байланысы орнатылған. Тұрғын үйлер табиғи газбен қамтамасыз етілген. Ауылдың телефон номері 3-25, 3-26, 3-27, 5-13, 5-14, 5-15 деп басталады, коды: 8-72633 (Жамбыл ауданының коды). Ауыл әкімдігінің байланыс номері: 8-(72633) 3-25-35.

Бесагашта 700 үй бар

ХҮІІІ-ғасырда Ахмет атты ірі ноғай байы мол дәулетімен атағы шыққан саудагер болған. Ол Қытай, Орта Азия, Қазақстан елдерімен сауда істерін жүргізіп отырған. Ал оның баласы Сәбит 1748 жылы Қазан қаласынан 300 шақырымдай жердегі Бугульма қаласында дүниеге келген. Сәбит Қазан қаласында ер жетіп, әскери жоғары білім алады. Офицер шеніне ие болғаннан кейін лауазымды қызметте жүргенде орыс патшасы халықтың көңілінен шықпайтын әділетсіз жарлық шығарады. Ал ол жарлыққа татар-ноғай халқы мен әскери шендегі татарлар қарсы көтеріліске шығады. Бұл толқуды басу Сәбит Ахметұлына тапсырылып, бүйрық берілген. Ал Сәбит патшаның бүйрығын орындаудан бас тартады. Өз халқыма, өз ұлтыма қару көтере алмаймын, өз ұлтымның ұл-қыздарын қыруға қолым бармайды деп бүйрықты орындаудан бас тартқаннан кейін Сәбит әскери қызметтен шеттетіледі. Бұл 1773-1775 жылдардағы Дон казагы Емельян Пугачевтің көшбасшылығымен ұйыдастырылған көтеріліс кезеңі екенін архив құжаттары көрсетіп отыр. ІІ Екатерина басқарған Патшалық Ресейдің билігіне Еділ-Кама бойындағы халықтармен бірге, Кіші және Орта жүз қазақтарының қарсылық білдіргенін тарихтан жақсы білеміз. Дәл осы оқиға Сәбит Ахметұлының өмірін күрт өзгертті. Императрица ІІ Екатерина саясатының салқыны оның бағытын басқа арнаға бұрылуына мәжбүр етті. Сәбит енді әке жолын қуып сауда ісімен айнылыса бастайды. Сауда жасап жүріп Қазақстанға келеді де мұндағы әкесінің сенімді досы болған Балпық бидің ерекше ықыласына бөленеді. Алматы жеріне келіп қоныстанып, шапырашты руынан шыққан қызға үйленеді. Одан кейін Әулиеата өңіріне келіп қазіргі Басағаштың негізін қалайды. Бұл жерді Сәбиттің 18 киллограмм алтынға сатып алғандығы айтылады. Мұнда Сәбитті және оның ұрпақтарырын қазақ-қырғыздар «Байноғайлар» деп атап кетеді. Сәбит ноғай ұлтының өкілі болатын. Сол кездегі Патшалық Ресейдің солақай саясатының бірі ретінде ноғай халқына қарсы жүргізілген саясатты атауға болады. Ноғай ұлтын құжаттарға жазылдырмай, көрсетілмеуі, Патшалық Ресейдің ноғайларды ұлт ретінде жою саясатының ендігі бір көрінісі етін. Сәбиттің 4 ұл, 4 қызының ішіндегі ең атақтысы, Байзақ батырдың досы Ескендір бай болатын. Оның мұнда мешіт, медресе, мектеп салдырғаны белгілі. Оның асқан байлығы туралы деректер жетерлік.
Ескендірдің байлығын сынамақ болған орыс көпесі Седовқа ол қағаз ақшамен бір самаурын шай қайнатып бергендігі және тағы да басқа мәліметтер ауызша деректерде айтылады. Ташкент қаласындағы «Бесағаш» базарын Сәбит пен Ескендір салдырғандығын да растауға болады. Ескендір байдың Тараздағы сауда керуені жүрген көше Кеңес үкіметі тұсында Бесағаш деп аталған. Бүгінгі күні де сол көшенің біраз бөлігі Бесағаш деген атауын сақтаған.
Сонымен, қазақ жеріне келген Сәбит пен оның серіктері қазіргі Бесағаштың негізін қалайды. Осыдан бастап Бесағаш ноғайларының тарихы басталады. Кеңес дәуірінде ноғай ұлтын паспортқа яғни жеке басты растайтын құжаттарға жазбауына байланысты Бесағаштағы ноғайлардың жартысы татар, енді бір бөлігі қазақ деп ұлттарын көрсетіп жаздыртқан.
Тип населенный пункт
Координаты 42°48'40'' с. ш. 71°25'58'' в. д.
Высота над уровнем моря 682 метра
Часовой пояс UTC+6
Солнце (сегодня) Восход - 06:01, Заход - 20:20
Поблизости Байзак, Бурыл, Гродеково, Жайылган, Жалпак-Тобе, Красная Звезда, Сарыкемер, Талас, Тараз, Турксиб

Карта

Фотографии

Добавить фото
Фото 1 - 4 из 4

Комментарии

Комментариев пока нет.
Чтобы оставить комментарий, войдите на сайт